Қазақстандықтар Таиландта визасыз 60 күн жүре алады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Business Standart мәліметіне сілтеме жасап.
Таиландтың Ішкі істер министрлігі 93 ел мен аумаққа, соның ішінде Қазақстан үшін визасыз режимді ұзарту жайлы шешім қабылдады. Бұған дейін Қазақстан азаматтары Таиландта тек 30 күн визасыз қала алатын.
"Бұл елдердің азаматтары Таиландқа туристік немесе қысқа мерзімді іссапарлар үшін визасыз 60 күн бола алады", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Трайсури Тайсаранакул.
Сондай-ақ, ол тұрғындары Таиландқа келіп виза ала алатын елдердің саны 19-дан 31-ге дейін артқанын айтты. Жаңа визасыз режимнің арқасында Қазақстан және басқа да елдердің саяхатшылары Таиландқа келерде және келгеннен кейін виза алмай кіре алады. Десе де, олар шекарада бақылаудан өтеді және олардың паспорты тексеріледі.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!