Солтүстіктегі Хайфон қаласында 1850-ге жуық көлік Вьетнам картасын жасап, жаңа әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Breakingtravelnews.com сайтына сілтеме жасап.
Екі жыл бойы Vinfact және TV Media компаниялары До Сон ауданындағы Доронг халықаралық туристік алаңында рекорд орнатуға дайындалды. Бір тәулік ішінде Вьетнам картасы жасалды. Оған 1850-ге жуық көлік және үш мыңнан астам адам қатысты. Осылайша, Қытайдың рекорды бұзылды. Бұған дейін қытайлықтар 750 көлікпен рекорд орнатқан болатын.
Фото ©vietnews.ru
Сондай-ақ, ауданда кәсіби жүргізушілердің дрейфі, теңіздегі 3D жарық ойындары, VinFast электромобильдерін сынау және автомобиль жарысы өтті.
Автомобиль мозаикасын қалыптастыру бағдарламасы До Сон мен Вьетнамды туристер үшін тартымды бағыт ретінде танымалдығын арттырды деп саналады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!