Елірген жолаушы жанында отырғандарға түкіріп, стюардессамен төбелескен

Polish Airlines әуекомпаниясының жолаушысы ұшақ бортында дүрбелең салып, рейсті діттеген жеріне жібермей жастады, - деп хабарлайды New York Post.

Оқиға тамыз айында Польшадан Канадаға ұшатын рейсте болған. Куәгерлердің айтуынша, басында ер адам экипаж мүшелеріне ішімдік құймағаны үшін айғайлаған, сосын жанында отырғандарға түкіріп, әуе кемесінің есігін ашпақ болған. 

Елірген ер адамды тынышталдыру үшін бортсерікке тағы бес адамның көмегі керек болған. "Ол стюардессамен төбелесе жаздады, оған қарай су толы шөлмекті лақтырды", - дейді куәгер.

Тағы бір куәгердің айтуынша, ол ұшақтың соңында стюардессалармен төбелескен. "Бұл нағы нон-стоп жағдай болды", - дейді ол. 

Соның нәтижесінде ұшқыштар дереу Исландияға қонған, барлық жолаушыларды екі күн қонақүйге қондырып, келесі рейспен ұшқан. 

Әзірге осы әрекеті үшін ер адамға қандай да бір айып тағылғаны немесе айыппұл салынғаны туралы мәлімет жоқ. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!