Екі стюардессаға қырындаған ұшқышқа айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Zorgist © pixabay.com/Zorgist

Тайваньның ұлттық China Airlines әуекомпаниясының ұшқышы екі әріптесіне қырындап, ақырында айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNA агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Тайваньның ұлттық China Airlines әуекомпаниясының ұшқышы екі әріптесіне қырындап, ақырында айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNA агенттігіне сілтеме жасап.

Екі стюардесса Хуан есімді ұшқыштың 2022 жылы Нидерландыға бара жатқан рейсте тиіскенін айтқан. Жұмыстан тыс уақытта қыздар әріптесімен сөйлеспеген және етене жақын араласпаған. Алайда Хуан жұмыс кезінде бірнеше рет қыздарға қырындаған. Нәзік жандылар ұшқыштан 300 мың тайвань доллары (4,3 миллион теңге) көлемінде өтемақы талап еткен.

Сот бортсеріктердің арызын қанағаттандырып, әуекомпания қызметкерін екі бортсерікке 30 мың тайвань доллары көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді. Хуан бұл шешімге шағым түсіре алады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная