Екі ғасырдай салынған Пиза мұнарасының мерейтойы бір жыл тойланады

Іргетасы 850 мың жыл бұрын қаланған Пиза мұнарасы жылына ондаған миллиметрге түзеліп келеді. Бұл туралы Пиза қаласының орталық алаңындағы ескерткіштер кешенінің төрағасы Чудес Матильде Меуччи айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Пиза мұнарасы жақсы қалыпта, жыл сайын сантиметрлеп тіктеліп келеді. Оны жерден де, ғарыш серіктері арқылы да бақылап отыр", - дейді Меуччи.

Пиза мұнарасының алғашқы іргетасы қаланған күнді тал түсте қоңыраулатып атап өтеді. Сол күні кеште алаңда ашық аспан астында ирандық пианист Рамин Бахрамидің концерті ұйымдастырылған. Ескерткіштің құрылған күнін тойлау жыл бойы өтіп, оның аясында семинар, көрмелер мен музыкалық көріністер қойылады.

Мұнараны 1990 жылы алғаш рет құлап кетуі мүмкін деп туристер үшін жауып тастаған еді. Осы кезден бастап оны жөндеу жұмыстары басталды. 2001 жылы Италия символдарының біріне айналған ескерткіш турситер үшін қайтадан ашылды. Меуччидің сөзінше, мұнараны тұрақтандыру жұмыстары арқылы ол жалпы 46 сантиметрге түзелген.

Туристердің оралу мерейтойында мұнара пандемияға дейінгі уақытпен салыстырғанда әйгілене түсіпті. 2022 жылы мұнараға 520 мың адам көтерілген екен.

Бұл мұнара бірінші тасы қаланған уақыттан бастап екі ғасырдай уақыт өте ғана дайын болған екен - 1370 жылы. Қазіргі таңда зерттеушілер оның қалай қисайғанына қатысты әлі де бір шешімге келмеген.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.