Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Worldometers есебінше, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны жүз миллионнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Worldometers есебінше, дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны жүз миллионнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сайт мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандар саны 100 155 227-ге жеткен. Оның ішінде, 72 102 361-і аурудан айығып шықса, 2 146 271 адам қайтыс болды. 

Одан бөлек, 25 904 721 адам әлі де коронавирустан емделіп жатыр. Оның 25,8 миллионы немесе 99,6 пайызында ауру жеңіл өтіп жатыр, ал 110 695 адам не 0,4 пайызы ауруды ауыр өткізіп жатыр. 

Айта кетейік, COVID-19-ға байланысты барлық сайттағы статистика бірдей емес. 

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 99 547 547-ге жеткен. 

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, COVID-19 жұқтырғандар саны 98 794 942-ге жеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная