Дубайға билет алған турист Boeing 777 ұшағының жалғыз жолаушысы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Саяхатшы қарапайым рейске билет алып, 350 орынға арналған Boeing 777 ұшағының жалғыз жолаушысы болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Саяхатшы қарапайым рейске билет алып, 350 орынға арналған Boeing 777 ұшағының жалғыз жолаушысы болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі The Independent басылымына сілтеме жасап. 

Арабтың Emirates әуекомпаниясы Мумбайдан Дубайға ұшу кезінде тек бір жолаушыны тасымалдаған. 

Мұндай жағдай БАӘ шектеу шараларын қатаңдатқаннан кейін болған, олар Үндістан туристері үшін ел шекарасын жапқан еді. Ендігіде Дубайға тек кейбір санаттағы жолаушыларға ғана кіруге рұқсат, олардың арасында дипломатиялық миссия мүшелері және Әмірліктің алтын визасының иегерлері және сол елдің өз азаматтары ғана кіре алады. 

Мумбай әуежайы EK-501 бағытында ұшқан ұшақтың бортында бір ғана жолаушы болғанын растады. 

"EK-501 Emirates ұшағы Мумбай әуежайынан Дубайға бір жолаушымен аттанды. Ұшақ таңғы 4:30-да ұшып шықты", - деді әуежай өкілдері. 

Осыған дейін израильдық бай адам 160 адамға арналған ұшақта жалғыз жолаушы болды. Басылым мәліметінше, әуе кемесі Тель-Авивтен Касабланкаға және кері бағытта ұшып келген. Мароккода уақытша тұратын кәсіпкер Жерорта теңізі еліне емделуге жеткізу үшін лайнерді шұғыл түрде жалға алуға мәжбүр болған.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная