Дубайда Жаңа жыл қарсаңында мейрамханаларға қойылатын талаптар жеңілдетілді

Дубайдың экономикалық даму департаменті коронавирус пандемиясының жағдайына байланысты кафе және мейрамханалардың жұмысы туралы жаңа хаттаманы бекітті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Caterer Middle East басылымына сілтеме жасап. 

Жаңа ереже біршама жұмсарған, шенеуніктердің айтуынша қыркүйекте енгізілген қатаң шектеулер нәтижесінде осындай жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін болған. 

Ендігіде тамақтандыру мекемелері бір үстелге 10 адам отырғыза алады (осыған дейін 8 адам болатын), алкоголь сусындарын бөтелкемен беруге рұқсат етілді, жұмыс уақытын 01:00-ден 02:00-ге дейін ұзартты. Сондай-ақ, қонақтар алдында музыкалық және би ұжымдары өнер көрсете алады. 

Осылайша, дубайлық билік өкілдері жергілікті халық, экспаттар және туристер Рождество және жаңажылдық мерекені отбасымен, достарымен бірге қарсы алуына мүмкіндік жасап берді. Олар кеңседе мерекелеу шараларына тыйым салу арқылы, мейрамханаларда корпоратив өткізуге жол берді, ал бұл дегеніміз COVID-19-бен күресте соңғы айларда шыққан шығынды жабуға қалайда септігін тигізеді деген ойда.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.