Таяуда әлеуметтік желілерде бірнеше қыздың Дубай Марина (БАӘ) ауданындағы ғимараттың балконында жалаңаш тұрған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.
Дубай жұртшылығының шағымынан кейін полиция фотосессияға қатысқан 40 адамды ұстады. Олардың арасында Ресей (8 қыз), Беларусь, Украина (11) және Молдованың сылқымдары бар. Модельдердің бірі ресейлік бұрынғы банкир - миллионердің қызы екені белгілі болды.
Daily Mail
Мұндай жағдайдан соң құқыққорғау органдарының оларды бірден босатуы қиын. Фотосессиядағы қыздар "азғындық әрекеттерге қатысқаны" үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Ұсталған әрбір қызға 1400 доллардан (5000 Дирхам), ал ұйымдастырушы фотографқа шамамен 14 мың доллар (50 мың дирхам) айыппұл салынады. Мұндай қылмыс үшін темір торға да қамайтын жағдайлар кездеседі: қатысушылар 6 айға дейін, ал ұйымдастырушы 1,5 жылға дейін сотталуы мүмкін.