Дубайда әлемдегі ең үлкен жабық ферма ашылды

Дубайда әлемдегі ең үлкен гидропоникалық ферма пайда болды. Ол жерде жылына мың тоннадан астам жоғары сапалы жасыл желек өсіріледі деп күтілуде. Бұл туралы Travel Daily Media жазады.

Bustanica - Emirates Crop One компаниясының алғашқы жабық фермасы, Emirates борттық тамақтану қызметімен бірлескен кәсіпорны және Crop One технологиялық жабық фермалар нарығының көшбасшысы.

Ферма Dubai World Central ауданындағы Аль-Мактум әуежайының жанында 30 мың шаршы метрден астам жерде орналасқан.

Мұнда жылына бір мың тоннадан астам жоғары сапалы жасыл желек өсіру жоспарланған. Бұл дәстүрлі ауылшаруашылық өндірісімен салыстырғанда 95 пайызға аз су тұтынады. Күніне үш мың тонна өнім алынады.

Bustanica қуатты технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект пен ультра заманауи әдістерді қолданады. Сондай-ақ, агроном, инженер, бағбан және өсімдік саласындағы ғалымдардан құралған жоғары мамандандырылған қызметкерлер тобы жұмыс істейді. Бұл өнімнің үздіксіз өндірістік циклін, балғындығы мен тазалығын, сондай-ақ пестицидтердің, гербицидтердің немесе химикаттардың болмауын қамтамасыз етеді.

Шілдеде Emirates және басқа компаниялардың жолаушыларына бортта Bustanica фермасында өсірілген көк өнім: салат, аругула, жасыл салат және шпинат ұсынылады. Бұл өнімдерді БАӘ супермаркеттерінде де сатып алуға болады деп болжанады.

Сонымен қатар, болашақта Bustanica өз өндірісін кеңейтуді - жемістер мен көкөністерді өсіру және сатуды жоспарлап отыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!