Дубай - Милан рейсінде 24 жастағы жолаушы әйел әуекемесінің бортында босынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, ұшу кезінде қыздың толғағы басталған. Emirates әуекомпаниясына тиесілі лайнер капитаны жолаушылардың арасында дәрігер бар ма деп сұраған.
Иран төбесінен 10 мың метрден асатын биіктікте жүкті әйел 3 келі бала туды. Ұшақ әуежайға қонған кезде жаңа туған әйелді жедел жәрдем күтіп тұрған. Анасы мен баласының денсаулығы жақсы.
Арнайы комиссия әйелдің жүктілік мерзімі үлкен болса да бортқа қалай кіргенін тексеріп жатыр. Өйткені жүктілік мерзімі 28 аптадан асатын болса, онда тек медициналық анықтама қажет.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!