Дубай жағалауында акула демалушылардың үрейін ұшырды - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Парсы шығанағында орналасқан Дубай қаласының жағалауында ірі акула Кайт-Бич жағажайына жақын келіп, туристтердің үрейін ұшырды, - деп хабарлайды Dailymail.


Иконка комментария блок соц сети

Парсы шығанағында орналасқан Дубай қаласының жағалауында ірі акула Кайт-Бич жағажайына жақын келіп, туристтердің үрейін ұшырды, - деп хабарлайды Dailymail.

Басылым мәліметінше, бастапқыда акула саяз суда әйелдің жанынан, сосын ер адамның жанынан жүзіп өткен. Осы кезде демалушылар мен құтқарушылар жағалауда олардың судан шығу керектігін айғайлаған.

Турист әйел жанында акуланың айналшықтап жүргенін көріп, бір орында тұрып қалған, сосын барып қана жағалауға жүзген. Ер адамда солай істеген. Қуанышқа орай ешкім зардап шеккен жоқ.

"Мұндай да жағдай болады екен. Мұндай кезде не істеу керектігін білмейсің. Ал мына қыз барлығын дұрыс жасады, жолы болып акуланың шабуылынан аман қалды. Ол қорықпады, суды шалпылдатпады - соның арқасында аман қалды", - дейді оқиғаның куәгері.

Айта кетейік, акулалар, Кайт-бич жағажайында акуланы кезіктіру сирек кездесетін құбылыс. Жағалауға жақын маңда олар әрең жүзеді, дегенмен БАӘ-нің жағалау суларында акулалардың 31 түрі кездеседі, олардың бірнеше түрі адамдар үшін өте қауіпті.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная