Дубай билігі туристерге кері қайту билетінсіз кіруге тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Дубай билігі қолында қайтар билеті жоқ туристердің келуіне тыйым салды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily Media-ға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Дубай билігі қолында қайтар билеті жоқ туристердің келуіне тыйым салды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily Media-ға сілтеме жасап.

Соңғы хабарламалар бойынша, Дубай әуежайы әуекомпаниялардан Біріккен Араб Әмірліктеріне расталған қайту билетінсіз келген туристерді кері қайтаруды сұраған.

"Дубайға қайту билетінсіз келген қонақ және туристік визалары бар жолаушылардың кіруіне тыйым салынады. Мұндай жағдайда жолаушының кері қайтуы мен басқа да шығындарын әуе компаниясы өтеуге жауапты", - делінген хабарламада.

Осы жаңа заңның әсерінен Үндістан, Непал, Бангладеш, Пәкістан және Ауғанстаннан келген 300-ге жуық жолаушы Дубай әуежайында қалып қойған дейді хабарламада. Оның ішінде 200 жолаушы Үндістаннан келген. Кейінірек Үндістан мен Пәкістанның дипломатиялық ұйымдары жолаушылардың өз елдеріне аман-есен оралғанын хабарлады. Көп ұзамай, басқа елдердің консулдықтары қалып қойған туристердің елдеріне толық оралғандығы туралы хабарлады.

Бұған дейін қазақстандықтардан Дубайға келгеннен кейін коронавирусқа екінші рет тест тапсыру талап етілмейтіні белгілі болды. Туроператор өкілі Анна Соловьеваның айтуынша, БАӘ билігі Қазақстанды «қауіпті елдер» тізімінен шығарған соң, қазақстандықтарға Дубай әуежайында ұшып келгеннен кейін тағы тест тапсырудың қажеті жоқ.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная