Дубай әуежайында былапыт сөз айтқан турист түрмеге тоғытылды

Ұлыбританиялық турист әуежайдағы оқиғадан кейін Дубай түрмесінен бір-ақ шықты. Саяхатшының анасына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбаны бермеген соң жанжал басталған. Ол әуежай қызметкерімен жанжалдасқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Саяхатшы өзі сұраған кезде бермей, басқа біреулерге арбаны беріп жатқанын көргенде жанжал ушыға түскен. Осы кезде ол әуежай қызметкерін балағаттаған.

Осы оқиғаға байланысты әуежай қызметкеріне дөрекі сөйлегені үшін ер адамға қатысты қылмыстық қудалау басталған. Оған 10 мың дирхам (шамамен 1 250 000 теңге) айыппұл тағайындалған. Ұлыбританиялық азамат сотқа барып, үкімге шағымданған. Осы әрекеті үшін оны үш айға қамап тастаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!