Тамызда Дубай халықаралық әуежайы 4,1 миллион адамды қабылдап, Лондон Хитроуын айналып өтті. Әлемдегі ең көп жұмыс істейтін халықаралық әуежайға айналды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Travel Daily Media сайтына сілтеме жасап.
OAG авиациялық компаниясы тамызда Дубай халықаралық әуежайы 4,1 миллион адамды қабылдағанын хабарлады. 2022 жылдың екінші тоқсанында әуежай 14,2 миллион жолаушыны тіркеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 190,6 пайызға көп.
Тізімдегі екінші орынды 3,4 миллион адамды қабылдаған Лондонның Хитроу әуежайы иеленді. Сондай-ақ, ондыққа Амстердам (3,15 миллион адам), Париждегі Шарль-де-Голль (3,14 миллион), Ыстамбұл (2,9 миллион), Франкфурт (2,9 миллион), Доха (2,2 миллион), Лондон Гатвик (2,094 миллион), Сингапур Чанги (2,089 миллион) және Мадрид (2,012) кірді.
Үздік ондыққа Дубай - Эр-Рияд, Мумбай - Дубай, Дубай - Лондон, Дубай - Джидда, Дели - Дубай және Бахрейн - Дубай бағыттары кірді. Ең танымал Куала-Лумпур - Сингапур болды, оны 325 350 адам пайдаланды.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!