Қашып кету мүлдем мүмкін емес түрмелер, катакомбалар, жантүршігерлік табиғи апаттар болған, жаппай өлім жазасы кесілген және еңбекпен түзету лагерьлері орналасқан жерлер әрқашан көпшіліктің назарын аударады. Қазіргі таңда осындай жерлерге деген қызығушылық туризмнің жаңа түрін ашты десе болады. Ол - dark tourism, яғни қараңғы/көлеңкелі туризм. Ағылшын тілінен аударғанда осындай мағына береді. Қараңғы туризм жерлеріне саяхаттау үшін Tengritravel.kz пен Aviata.kz бірігіп жасаған материалды оқып шығуыңызға болады.
Рейтинг мына bugaga.ru, onetwotrip.com, i.stuff.co, forbes.com. порталдар негізінде құрастырылған.
Бүгін Tengritravel.kz сізге қараңғы туризмнің бес жеріне саяхат жасауды ұсынады, сіз ол жерлерде түнеуге қала қоймайтыныңыз бесенеден белгілі. Кезінде адамдарды жантүршіктірген жерлер қазіргі таңда көптеген саяхатшылардың қызығушылығын тудырады. Бір қызығы, алғашқы экскурсиялар мұндай орындарда XIX ғасырда жүргізілген екен.
Фукусимадағы атом электрстанциясы, Жапония
2011 жылы 11 наурызда Фукусима қаласында әлемдегі ең ірі ядролық апаттардың бірі болды. Магнитудасы 9-9,1 балл болатын ең күшті жер сілкінісінен кейін цунами пайда болды, нәтижесінде Фукусима атом электр станциясы атмосфераға айтарлықтай мөлшерде радиоактивті материалдар атқылай бастады. Осылайша, Фукусима трагедиясы 1986 жылғы Чернобыль апатынан кейінгі ең ірі ядролық апат болды. Бұл жерге экскурсия ұйымдастырушылар қорғаныс құралдарын киюді талап етеді: үш жұп шұлық, резеңке етік, екі қолғап, қарапайым бетперде, баскиім, шлем және ақ жилет.
Жарылыс салдарлары. Дереккөз: ©Shutterstock
Электр станциясы он жылға жуық уақыт радиациядан тазартылды. Осы уақыт ішінде қауіпті қалдықтар жойылды. Алайда реакторлардың ішіндегі балқытылған отын әлі қалпына келтірілген жоқ. Станцияның айналасы бұрын эвакуацияланған тұрғындар үшін жабық күйде қалған. Кейбір қалалар ашық, бірақ тұрғындардың түгелі қайтып оралмаған.
Фукусимаға саяхатты табиғи апаттан зардап шеккен ауданды қолдауға және қаладағы жағдай туралы мүмкіндігінше көп мәлімет бергісі келетін жанашыр адамдар ұйымдастырады. Тур Токиодан басталып, фургонмен Фукусимаға 3,5 сағат уақытты алады. Фукусима астанадан солтүстікке қарай 256 шақырым жерде орналасқан. Ұйымдастырушылар адам денесіне әсер етпейтін радиациялық деңгейі төмен жерлерді көрсетуге уәде береді.
Алькатрас федералды түрмесі, Сан-Франциско, АҚШ
Алькатрас федералды түрмесі айналасында ені 2,5 шақырымдық бұғаздың мұзды суымен қоршалған аумағы бес гектар шыңда орналасқан. Сондықтан түрменің 29 жыл жұмыс істеп келе жатқан уақытында әлі ешкім тірідей Алькатрастан қашып құтыла алмады. Сонымен қатар, түрме өте жақсы күзетіледі. Сондай-ақ, ұзақ уақыт бойы бұл жер жергілікті халықпен жер дауын туғызып келген.
Дереккөз © Shutterstock
1963 жылы түрме жабылды, ал 1969-1971 жылдар аралығында аралда үнді тайпасының басшылары тұрды. Су мұнарасында «Бұл үндістердің жері» деген граффити жазуы сол кездегі оқиғаларды айқын еске түсіреді. Алькатрас қаланың көрікті жерлерінің бірі болып саналады. Атақты қылмыскер Аль Капоне жазасын осы жерде өтеген.
Дереккөз: ©Shutterstock
Бүгінгі таңда түрме аумағында экскурсиялар өткізіліп, онда қылмыскерлерді ұстау шарттары айтылады және көрсетіледі. Турлар күн сайын Алғыс айту күнінен, Рождестводан және Жаңа жылдан басқа уақыттарда өтеді. Онда пароммен жетуге болады.
Париждегі катакомбалар
Париж катакомбалары - ұзындығы шамамен бір жарым шақырым жерасты туннельдерінің торабы. Оларды алдымен құрылыс тасын іздеген римдіктер қазды. Бастапқыда бұл туннельдер қала ішінде болмады, бірақ Париж тез өсе бастады. Соңында мұнда тас өндіру тоқтатылып, тоннельдер жертөле ретінде пайдаланыла бастады. Бірақ кейінірек олар қалада зираттарға орын аз болғандықтан, басқаша қолданыла бастады.
Мұнда XVIII ғасырдың аяғынан XIX ғасырдың ортасына дейін алты миллионға жуық адамның сүйегі әкелінген. Жерасты зиратының ауданы 11000 шаршы метрді құрайды. Бүгінгі таңда катакомбалар Карнавал мұражайының бөлігі болып табылады және көпшілікке ашық.
Дереккөз: ©Shutterstock
Жер астындағы катакомбалардан сіз өлімнің иісін айқын сезіне аласыз, өйткені мұнда миллиондаған адамдардың бассүйектері бар. Әр түрлі дәуірдегі және шығу тегі әр түрлі адамдардың бас сүйектері бір қатарда жатыр.
Аурулар мен жазатайым оқиғалар, өлімге әкелген аурулар және түрлі жаралар, хирургиялық операциялардың іздері - әр бассүйек иесінің өлімі жайлы үнсіз әңгімелеп беретіндей. Мальта безгегі, асқынған алапес ауруы - Париждік катакомбалардың гидтері зақымдалған омыртқа мен кеуекті сүйектерге қарап, бұл адамның қандай жағдайда қайтыс болғанын айтып бере алады.
Дереккөз: ©Shutterstock
Катакомбаларға "Данфер-Рошро" (Denfert-Rochereau) метро станциясының кіреберісінде орналасқан шағын павильон арқылы жетуге болады. Кіру қала орталығындағы Монпарнас мұнарасының жанында орналасқан. Кіру және шығу әр түрлі жерлерде орналасқан.
Седлецтегі Костница
Кішкентай рим-католик шіркеуі орталық Чехиядағы Кутна-Гора (Kutna Hora) қаласындағы маңындағы Седлец елді мекенінде Бүкіл Әулиелер шіркеуінің (Cemetery Church of All Saints) астында орналасқан. Мұнда 40 000-нан 70 000 дейінгі адам қаңқа сүйектері сақталған. Жыл сайын оларды көруге 200 000-нан астам турист келеді. Шіркеудің қорқынышты көрінісі Париждегі катакомбалардағыдай әсер береді: жергілікті зиратта орын аз болғандықтан, қаңқалар қазып алынып, зиратта сақтала бастады.
Дереккөз: ©Shutterstock
Адам сүйектері мұнда безендіру рөлін атқарады. Шіркеу бұрыштарында қоңырау тәрізді төрт үлкен қорған бар. Үлкен сүйектен жасалған шамдалда адам денесіндегі әр сүйектің бір данасы бар. Ол бас сүйектерінің гирляндалары түрінде ілулі, оның артында жертөле жасырылған. Қорқынышты көрініс пен қараңғы атмосфера бұл жердің бірнеше қорқынышты фильмдерде пайда болуына мүмкіндік берді.
Дереккөз: ©Shutterstock
Бран қорғаны, Румыния
Румынияның орталық бөлігіндегі жұмбақ бекініс XV ғасырдағы қатыгез румын билеушісі III Владтың резиденциясы болған деседі. Ол Влад Дракула немесе Влад Цепеш деген атпен де танымал болған. Еуропаға тараған қанішер адамның беделі оның дұшпандарын қазыққа отырғызып, өртеп жібергенімен ьанымал болды.
Дереккөз: ©Shutterstock
Бұл қамалдың дәліздері мен залдары лабиринт іспетті. Қабырғалары қорғаннан байқалмай қашып кетуге мүмкіндік беретін көптеген құпия өткелдерге және жерасты лабиринттеріне толы. Қамалда сіз аңыз бойынша граф Дракула өзінің құрбандарының қанын ішкен кереуетті көре аласыз.
Бран Кастл Брам Стокердің 1897 жылы жазылған «Дракула» готикалық романының арқасында ең танымал туристік орынға айналды. Сарайда экскурсиялар өткізіледі, онда сіз қорғанның 640 жылдық тарихпен танысуға болады. Қамал аптасына жеті күн, жылына 365 күн ашық. Қамалға ересектерге арналған билет 45 лей (1100 теңге) тұрады.
Припять, Украина
Украиндық Припять - бұл ақырзаманнан кейінгі жер беті жайлы фильм үшін таптырмас декорация. Бұл жер дәл жарты ғасыр бұрын, 50 мыңнан астам халқы бар гүлденген қала болған. 1986 жылы 26 сәуірде Припять қаласына жақын жерде Чернобыль атом электр станциясының реакторы жарылды.
Дереккөз: ©Shutterstock
Радиоактивті бөлшектер тонналап ауаға ұшып, Ресей мен Еуропаның аумағына таралды. Жарылыс кезінде екі адам жазым болды, кейін бірнеше айдың ішінде тағы 28 адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша радиациядан 4000-ға жуық адам қаза тапты.
Қала тұрғындары апат болған күннің ертесінде, көбісі қатты бас ауруы мен құсуға шағымдана бастағаннан кейін ғана көшіріле бастады. Эвакуация кезінде Припять тұрғындары көп заттарын алған жоқ, өйткені біраз уақыттан кейін олар қайтып оралуы мүмкін делінген. Бүгінде үйлердің сынған терезелері арқылы шашылып жатқан заттарды, жартылай күйіп кеткен киімдерді және басқа да тұрмыстық заттарды көруге болады.
Дереккөз: ©Shutterstock
Апат аймағының тек бір бөлігі ғана көрсетіледі. Заттарды ұстауға, оларды алып кетуге қатаң тыйым салынады. Аймаққа барғаннан кейін туристерді радиоактивтілік деңгейіне тексеріліп, асып кеткен жағдайда адам химиялық тазаруға жіберіледі.
Бұл жер Припять өзенінің жағасында, Чернобыль атом электр станциясынан үш шақырым жерде, Беларуссиямен шекарға жақын орналасқан. Киевке дейінгі қашықтық - 111 шақырым.
Помпей
Ежелгі Помпей қаласында бір уақытта 20 мыңнан астам адам қайтыс болды. Ол қазіргі Неапольдің жанында орналасқан. Біздің эрамызға дейінгі 79 жылы Везувий жанартауы оянды. Оның атқылауынан қала алты метрлік вулкандық күлді қабаттың астында қалды.
Бүгінгі таңда бұл Италиядағы ең танымал туристік бағыттардың бірі.
Дереккөз: ©Shutterstock
Дереккөз: ©Shutterstock
Бұл жер Италияның оңтүстік баурайында және Везувий маңында орналасқан. Ежелгі заманнан бері бұл жер құнарлы деп танылып Апеннин түбегіндегі қазыналы жер болды.
Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері
АЛЖИР - КарЛАГ арнайы бөлімінің 17-әйелдер лагерінің ауызша атауы. Бұл лагерьдің ерекшелігі - мұнда көпшілігі КСРО НКВД-нің № 00486 жедел бұйрығына сәйкес қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер болды, бұл Отанын сатқындардың отбасы мүшелеріне қарсы репрессия еді. Әр түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, бұл лагерьде репрессияға ұшырағандардың жалпы саны 18000-нан асқан.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Қазір бұрынғы лагерьдің орнында «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені орналасқан, ол туралы біз бұған дейін бірнеше рет жазған болатынбыз. Бұрынғы тұтқындардың ұрпақтары әлі күнге дейін мұражай архивін толтыруда, олар АЛЖИР өмірінің бір бөлігі болған адамдардың фотосуреттерін, құжаттарын және жеке заттарын алып келеді.. Бұл экспозиция тергеушінің «халық жауларының» бірінің әйелінен жауап алуын көрсетеді.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Мұражай қызметкері тергеушілер жауап алу үшін биік орындықтарды арнайы таңдаған деп түсіндірді.
«Тұруға қатаң тыйым салынды. Тергеушілер бір-бірін 2-3 сағат сайын ауыстырып отырды, ал әйелдер орнынан тұра алмады, ал ұзақ орындықта отырғаннан аяқтары ісініп, қантамырлары жарылып кеттеін болған. Олардың көпшілігі ауырсынудан есінен танып, Олар есін жиғаннан кейін кез-келген қылмысты мойындап қол қоюға дайын болды, мерзімі бес-сегіз жыл, олар репрессияға ұшырағандардың әйелдері, әпкелері, аналары мен қыздары болды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Әйелдер аштықтан, суықтан, аурудан және өмір сүруге еш жағдайдың болмағандығынан қайтыс болды. Тамақтану нормасы: таңертең суға пісірлген ботқа - бір қасық, түскі ас кезінде олар өздері дайындаған сорпаны ішетін. Әрине, өнімдер өте сапасыз болды: шіріген картоп, үсіген қырыққабат. Дәрумендердің жетіспеушілігінен әйелдер әбден қажыды, аштық өлімнің негізгі себептерінің бірі болды», - дейді музей қызметкері.
Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері Нұр-Сұлтаннан 40 шақырым жерде, Ақмол (бұрынғы Малиновка) ауылында орналасқан.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Қарағанды еңбекпен түзету лагері
ГУЛАГ - Кеңес Одағы лагерлерінің басты әкімшілігі. Ол 500-ден астам лагерьден тұрды және бұл лагерьлер 30 мыңға жуық бас бостандығынан айыру орындарына бөлінді, яғни бүкіл елде іс жүзінде осындай лагерьлер және түрмелер болды. «Жаппай саяси террорға келер болсақ, Кеңес Одағындағы қорқынышты режим жылдарында 40 миллионға жуық адам қуғын-сүргінге ұшырады» дейді мұражай қызметкері және Қарағанды еңбекпен түзету лагері немесе жай Карлаг ГУЛАГ-тың ажырамас бөлігі болғанын айтады.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Аштықтан ісінген і жалаңаш балалардың фотосуреті. Қанға іздері бар азаптау камерасы. Адам жегіштік фактілері туралы мұрағат құжаттары. Егер сіз бір кездері Қарағандыға жақын жерде орналасқан Долинка кентінде орналасқан Карлаг мұражайына (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы) экскурсияға барсаңыз, ол жерден бұрынғы қалпыңыздан өзгермей шығуыңыз екіталай. Онда бола тұра, әділетсіздіктің құрбандары болған аналарымыздың өміріне бей-жай қарау мүмкін емес.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Аштық «Кіші Октябрь» деп аталатын Голощекин реформаларының арқасында жасанды түрде жасалды. Мұның бәрі орасан шығындарға әкелді. Біріншіден, халықтың саны азайды, екіншіден, ежелгі заманнан бері көшпелі өмір салтын ұстанған халық толығымен отырықшы күйге көшуге мәжбүр болды», - дейді Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайының зерттеушісі.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Келесі суретке назар аударыңыз (төменгі фотосурет). Ол үш бас бидай заңы деп аталады. Күзде, егін жинағаннан кейін, егістікте дән қалады, ол көгеріп, шіриді. Адамдар аштықтан өлмес үшін осы дәндерді жинаған. Ақылға сыймайтын заңға сәйкес, адам даладан жинап, қалтасына немесе сөмкесіне салған үш бас бидай үшін оны мемлекет мүлкін ұрлады деп айыптап, лагерьлерге 10 жылға дейін қамауға алған.
Дереккөз: Tengrinews.kz
1931-1933 жылдар аралығында Қазақстанда 2 000 000 адам аштықтан қайтыс болды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Сонымен қатар, сол кезеңдегі Қазақстан халқы Қытайға, Моңғолияға, Иранға, Үндістанға қоныс аударуға байланысты азайды. Осылайша, Қазақстан халқы қосымша 1,5 миллион адамға азайды. Нәтижесінде үш жылдың ішінде Қазақстан халқының саны 50 пайызға азайды.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы Қарағанды облысында, Долинка ауылында, Шахтинск қаласынан 11 шақырым жерде, Школьная көшесі, 39 үйде орналасқан.
Бұл жерлердің барлығы қорқыныш, үрей, жантүршігерлік әртүрлі эмоциялар тудырады. Қараңғы туризмді дамытудағы басты мақсат - адамзаттың бұрынғы қателіктерін қайталамау үшін өткен замандардағы адамдар бастан кешкен қиындықтарды еске түсіру.
Біз коронавирустық пандемия жақын арада аяқталып, шекаралар қайта ашылады деп үміттенеміз.
Aviata.kz - үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесінен теміржол және әуе билеттерін кез-келген бағытта онлайн режимде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін қызмет.
"Авиата" қосымшасын мына сілтеме арқылы жүктеуге болады.