Жер-жаһан 27 мамыр 2024 11:21

Дохадан ұшып шыққан рейсте турбуленттілік салдарынан 12 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Twitter/@AirlineHub1 Фото: Twitter/@AirlineHub1

Доха-Дублин рейсінде жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шекті. Кейбір сарапшылар климаттың өзгеруіне байланысты мұндай оқиғалар жиі болады деп есептейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews сайтына сілтеме жасап.

Жексенбіде Қатардан Ирландияға ұшып шыққан рейсте турбуленттілік салдарынан алты жолаушы мен алты экипаж мүшесі жарақат алды. Ұшақ Түркияның үстінен ұшып бара жатып турбулентті аймаққа кірген.

Осыған қарамастан Дохадан Qatar Airways әуекомпаниясының QR107 рейсі жоспарланғандай Дублин әуежайына аман-есен қонған.

Ведомство мәлімдемесінде қонғаннан кейін ұшақты төтенше жағдайлар қызметкерлері күтіп алғаны айтылған.

"Дублин әуежайының командасы жолаушылар мен әуекомпания қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырып жатыр".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!