Леонардо Ди Каприомен бір ұшақпен ұшып, көршілес орындықта отырған жолаушы актердің әрекетін бақылап, кішігірім есеп құрастырған. Осы кездесуі туралы ол Twitter-аккаунтында жариялаған.
Америкалық журналист Симоне Стольцов ұшақтың эконом-санатында отырған, сөйтіп ол жанында (екеуінің ортасын дәліз бөліп тұрған) әлемге әйгілі актер Леонардо Ди Каприо отырғанын байқаған. Ер адам кумирімен сөйлесуге оқталғанымен, мазасын алғысы келмеген. Сол себепті ол актердің әрекетін бақылауға кіріскен.
"Ұшу кезінде ол көп уақыт бойы телефонында нарда ойнады. Газдалған суға және сәл тұздалған жасыл бұршақ пачкасына тапсырыс берді. Hoka маркалы қара түсті кроссовка киген. Ол менің стакан астына қоятын затымды сұрады - мен қарсы болмадым", - дейді Стольцев.
Сонымен қатар, журналист ұшу кезінде актерге "Джек, біз ұштық!" ("Титаник" фильмінен үзінді - түсіндірме) деп айтқысы келген, алайда актерді мазалау әбестік санаған.