Ди Каприо, Ердоған және Риши Сунак. Мысырдағы климат саммитіне кімдер қатысады?

Биыл климат саммиті Мысырда өтеді. Сол себепті Шарм-эль-Шейх қонақүйлерінің бағасы едәуір өсті, өйткені онда мемлекет басшылары мен корольдер және киножұлдыздар барады. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, былтыр Глазго қаласында өткен саммитте көпшілікті назарын аударған Леонардо Ди Каприо биылғы климат саммитіне қатысуы мүмкін.

Мемлекет басшыларына тоқталатын болсақ, АҚШ президенті Джозеф Байден саммитке қатысатынын растады, сондай-ақ бастапқыда шақыртудан бас тартқанымен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак қатысатын болып шешкен. Франция президенті Эммануэль Макрон мен Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте және Германия канцлері Олаф Шольц "маңызды рөл" атқарады деп күтіледі. Сонымен қатар конгресске түрік басшысы Режеп Тайып Ердоған шақырылған. Ал табиғатты ластауға басты кінәлі ретінде тағайындалған Қытай өкілдері жиынға қатысудан бас тартқан.

Корольдер әулетінен Ұлыбританиядан Беатрис ханшайым қатысады, ол қоршаған ортаны қорғауға белсене атсалысып жүр. Сонымен қатар еуропалық монархтардың өкілдері болады деп күтіледі. Танымал шведтік белсенді-эколог Грета Тунберг болмайтыны да айтылады.