Грекия Жерорта теңізіндегі жазғы демалыс үшін ең қымбат бағыт деп аталды. Бұл АТОР испаниялық Marian Technologies компаниясының зерттеуіне сілтеме жасап жазады.
Ұйым сегіз елдегі — Грекия, Италия, Франция, Түркия, Тунис, Португалия, Испания және Мысырдағы қонақүйлерде тұрудың орташа құнына мониторинг жүргізді. Мамандар 2019 және 2022 жылдардағы туристік маусымдардың бағаларын салыстырды.
Алынған мәліметтерге сәйкес, Грекиядағы курорттарда қонақүйлерге тұру тарифтері ең көп өсті. Мұнда төрт және бес жұлдызды қонақүйлерде тұру құны пандемияға дейінгі жылмен салыстырғанда сәйкесінше 62,7 және 110 пайызға — тәулігіне 192 және 338 еуроға дейін қымбаттаған.
Сондай-ақ, бағаның өсуі Мысырдағы қонақүйлерге әсер етті (48,3 пайызға дейін). Онда үш, төрт және бес жұлдызды қонақүйлерде тұру орташа есеппен 65, 124 және 178 еуроны құрайды. Тунисте тұру құны 2019 жылдың жазымен салыстырғанда қонақүй санатына байланысты 11-ден 26,6 пайызға дейін, Португалияда 10-нан 18 пайызға дейін өсті.
Аз дәрежеде баға Түркияда (сегізден тоғыз пайызға дейін) және Испанияда (5,1-ден 14,2 пайызға дейін) өзгерді. Сонымен бірге, Италия мен Францияда сарапшылар тарифтердің сәйкесінше 5,3 және 12 пайызға төмендеуін тіркеді.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!