Express газеті ұлыбританиялық туристер үшін коронавирусты жұқтыру қаупі тұрғысынан демалуға ең қауіпті және қауіпсіз елдердің рейтингін ұсынды. Британиялық және қазақстандық туристер үшін ашық және жабық елдердің тізімі толығымен сәйкес келмесе де, бұл қауіпсіздік рейтингі біздің саяхатшылар үшін де пайдалы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Сонымен, ең аз қауіпті бағыттар:
Гонконг - "ең қауіпсіз" шағын мемлекет: 20 қыркүйектегі жағдай бойынша миллион адамға шаққанда 0,36 жаңа жағдай бар. Сондай-ақ, елде азаматтардың жартысынан көбі вакцина салдырды, ел тұрғындарының 52,86 пайызы екі инъекция алды.
Жаңа Зеландия - мұнда аурудың күнделікті деңгейі елдің миллион тұрғынына шаққанда 3,79 жағдайды құрайды. Вакциналау деңгейі әлі "төмен": ел халқының тек 33,83 пайызы екі инъекция алды. Ең бастысы, ел туристерді қабыладауға әлі асықпайды.
Мысыр коронавирус бойынша "ең қауіпсіз" елдер рейтингінде үшінші орында тұр. Елде күн сайын миллион адамға шаққанда коронавирустың 5,70 жағдайы тіркеледі. "Мысырда вакцинаны енгізу әлемдегі ең жұқпалы елдерден едәуір артта қалды", - деп ескертеді газет.
Әрі қарай тізімді Индонезия, Польша, Үндістан, Монако, Жапония, Венгрия жалғастырып, ондықты БАӘ түйіндейді.
Ең жұқпалы 10 елге келетін болсақ, миллион адамға шаққанда күнделікті жаңа жағдайлардың санына негізделген рейтинг ресми түрде ашылмаса да, тізімде қазақстандық туристерге рұқсат етілген елдер бар.
Сонымен, қауіпті елдердің тізімінде Черногория, Израиль, Куба, Сент-Люсия, Словения, Антигуа және Барбуда, АҚШ және Литва, Эстония мен Турция бар.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!