Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын шұғыл қолдануға ұсынылатын препарат тізіміне қосты, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Бүгін (бейсенбі) ДДҰ Pfizer/BioNTech компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасын шұғыл қолдануға арналған тізімге қосты, бұл бір жыл бұрын коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері болған алғашқы жағдай", - делінген хабарламада.
Вакцинаның тізімге енуі ЮНИСЕФ пен Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымына аталған препаратты мұқтаж елдерге тарату үшін сатып алуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!