ДДҰ еуропалық директоры пандемияның тез аяқталуын және туризмнің қалпына келуін болжады

Омикрон пандемияны жаңа кезеңге ауыстырды және Еуропадағы індетті тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропадағы директоры Ханс Клуге мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, наурызға қарай Еуропа халқының 60 пайызы омикрон жұқтыруы мүмкін. Бұл індет азаяды дегенді білдіреді.

"Омикрон толқыны аяқталған кезде, тыныштық кезеңі келеді. Жаһандық иммунитет бірнеше ай бойы болады. Бұл иммунитет вакцинадан немесе инфекциядан кейін пайда болады. Бірақ, тұтастай алғанда, аймақ пандемияның аяқталуына жақындап қалған сияқты", - деді Клуге.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!