Дәретханадан табылған хаттың кесірінен ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

United Airlines әуекомпаниясының ұшағынан жарылыс болатыны жөнінде хат табылған. Соның кесірінен ұшақ бағытын дереу өзгертіп, басқа әуежайға қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CBS News арнасына сілтеме жасап.

Жолаушылар лайнері Нью-Йорктен Лос-Анджелеске қарай ұшып шыққан. Алайда әуеге көтерілген соң шамамен екі сағаттан кейін сағат 7:44-те Чикаго әуежайына қонған. Рейстен 200-ден аса жолаушы эвакуацияланып, борт басқа тұраққа ауыстырылды.

Иттері бар полицейлер ұшақты тінтіп шықты. Олардың бірі хаттың иісі арқылы күдік туғызған сөмкені тапты. Багажды ұшақтан шығару үшін құқық қорғау органдары роботты іске қосты.

Оқыс оқиғаны тергеу бюросы бақылауға алды. Ведомство әуекемесінің бортында нақты не табылғанын хабарламады.

Кейін ұшақ Чикагодан сағат 14:30-да ұшып кеткені белгілі болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!