Данияда Ханс Кристиан Андерсеннің музей-үйі ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: TripAdvisor Фото: TripAdvisor

Данияның Оденсе қаласында Ханс Христиан Андерсенге арналған жаңа музей ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Данияның Оденсе қаласында Ханс Христиан Андерсенге арналған жаңа музей ашылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ЕвроПульс мәліметінше, мекеме жазушы балалық шағын өткізген үйдің жанында салынған.
Музей аумағы 5600 шаршы метрді алып жатыр. Кешен шыны қасбеттері бар дөңгелек пішінді құрылымдардан тұрады. Бүкіл композиция ертегі орманының сезімін тудырады.

Жоба авторы Токиодағы Олимпиада стадионында жұмыс істеген танымал жапон сәулетшісі Кенго Кума болды. Оның музейі - "ландшафт, сәулет және заманауи көрме дизайнын біріктіретін ерекше көркемдік тәжірибе".
Заманауи интерактив технологиялар келушілерге жазушының сиқыр әлемімен қарым-қатынас "жасауға" мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2018 жылы Данияның Фюн аралында "ертегілер үйі" салынды - Ханс Христиан Андерсеннің шығармашылығынан шабыт алған тақырыптық ойын-сауық паркі.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная