Дағыстанда туристер отырған көлік жартастан құлады

Дағыстанның Шамиль ауданындағы жартастан көлік құлады. Салдарынан Нижний Новгородтан келген турист қайтыс болды, 11 жастағы бала  ауруханаға түсті, - деп хабарлайды РИА Новости облыстық ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сейсенбіде сағат 11.00-де Шамиль ауданы Митлиуриб ауылында Нижний Новгородтың 41 жастағы тұрғыны Volkswagen Tiguan маркалы көлік жүргізіп келе жатқан. Алайда көлік жолдан шығып, 100 метр биіктіктен құлады.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Tiguan жүргізушісі ауыр дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды, ал оның жолаушысы - Севастопольдің 11 жастағы тұрғыны ауруханаға түсті", - деді ақпарат көзі.

Аталған факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар жиналды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!