Дағыстанда туристі құтқаруға тырысқан нұсқаушы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тourweek.ru Фото: Тourweek.ru

Қайғылы оқиға 21 тамызда таулы республиканың Хунзах ауданында болды. Туриске көмектескісі келген 30 жастағы ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қайғылы оқиға 21 тамызда таулы республиканың Хунзах ауданында болды. Туриске көмектескісі келген 30 жастағы ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Соңғы кезде Дағыстанда зиплайн деп аталатын арқан жолдар танымал болып жатыр. Тұңғиықтың үстінен қозғалу жылдамдығы сағатына 100 шақырымнан асады.

Матлас шаңғы курорты ауданындағы осындай жолдардың бірінде нұсқаушы түсейін деп жатқан туристі ұстай алмай қалады да, екеуі құлайды. Хунзах ауданы баспасөз қызметінің басшысы Камиль Гусейнов аттракцион қызметкері туристі құтқарғанын мәлімдеді.

Қауіпсіздік ережелеріне қарамастан, қызметкер сақтандыру белдігін тақпаған. Жартастан құлағаннан кейін ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жедел жеткізілді. Зақымның тым ауыр болуынан ер адам көп ұзамай қайтыс болды. Дағыстан Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын тексереді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная