Дағыстанда жоғалып кеткен қазақстандық турист өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ресей ТЖМ Фото: Ресей ТЖМ

Ресейлік құтқарушылар Дағыстанда сапборттан теңізге құлап, жоғалып кеткен 47 жастағы қазақстандықтың денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ресейлік құтқарушылар Дағыстанда сапборттан теңізге құлап, жоғалып кеткен 47 жастағы қазақстандықтың денесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпаратты Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады.

Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталғаны хабарланды.

Еске салайық, қайғылы оқиға 3 тамызда Дағыстанның Избербаш қаласында болған. Каспий теңізінде сапбордтар пен тюбингтер соқтығысқан. Алты сапбордшы зардап шекті: төртеуін құтқарушылар судан шығарды, біреуі өзі жағаға шыққан. Үш бала, оның ішінде екі бала ауруханаға түсті. Жоғалған адам құтқару кеудешесі жоқ жалғыз адам екені анықталды.

Ер адам отбасымен Дағыстанға демалуға келген. Оның өзі Ингушетия тумасы, бірақ көп жылдан бері Қазақстанда тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная