Чилидің Талька қаласында өрт сөндіру кезінде жеңілмоторлы Trush Aircraft ұшағы апатқа ұшырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі El Chorrillero басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 15 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 15:00-де болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ тым төмен ұшқан және электр бағанасына қанаты тиіп кеткен, соның салдарынан ұшқыш басқаруды игере алмаған. Апаттың видоесы жарияланды, онда ұшақтың ауада төңкеріліп, жолға құлап, артынша өртенгені түсірілген.
Grave accidente de un avión momento en que luchaba contra un incendio en Chile pic.twitter.com/0VviohXxPQ
— TodoAviones (@AvionesTodo) January 15, 2024
Ұшақ бортында тек ұшқыш болған. Өкінішке қарай оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Елдің Бас азаматтық авиация басқармасы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шараларын бастады.
[#Actualización] Lamentamos informar, que el piloto y único ocupante de la aeronave, falleció a causa de las lesiones provocadas por este accidente. Nuestras sentidas condolencias a su familia, compañeros de labores y comunidad aeronáutica. https://t.co/BzPh0HdpdT
— DGAC Chile (@DGACChile) January 15, 2024
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!