© pixabay.com © pixabay.com

"Бізге тəжірибеден өтуші теңіз шошқасындай болудың қажеті жоқ" - Таиланд министрі вакцина жайлы


Тайланд корольдігінің Туризм жəне спорт министрлігі басшысы Пипат Ратчакитпракан вакцинация жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Bangkok Post баслымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, вакцина туризмді жандандырады деуге аса негіз жоқ екен. Басқа елдерде вакцинациялау басталып кетсе де, тай билігі мұндай шараны əзірге қарастырып отырған жоқ.

"Денсаулық сақтау министрлігі препараттардың қосымша əсерін жіті зерттеп көз жеткізбейінше мұндай шараны қолдану мүмкін емес. Бізге тəжірибеден өтуші теңіз шошқасындай болудың қажеті жоқ",- дейді министр.

Еске салайық, осыдан бұрын туристер Тайланд билігі таратқан карантин жайлы видеоны қатты сынға алған болатын.


Осыған ұқсас мақалалар

Филиппины шетелдік туристердің келуіне дайындалып жатыр Филиппины шетелдік туристердің келуіне дайындалып жатыр
Латвия, Литва және Эстония туристердің кіру ережелерін өзгертті Латвия, Литва және Эстония туристердің кіру ережелерін өзгертті
Еуроодақта біріңғай вакциналық төлқұжат енгізу мәселесі талқыланып жатыр Еуроодақта біріңғай вакциналық төлқұжат енгізу мәселесі талқыланып жатыр