БҰҰ сарапшылары туристер үшін шектеу жоқ бес елді атады

Албания, Доминикан Республикасы, Танзания, Коста-Рика және Солтүстік Македония туристерге ешқандай шектеу қоймай, қабылдайды. Бұл туралы Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) есебінде айтылған, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz порталы.

Ұйым жариялаған есепте 69 жабық бағыттың 30-ы Азия-Тынық мұхиты аймағында, 15-і Еуропада, 11-і Африкада, 10-ы Америкада және үшеуі Таяу Шығыста екені айтылған.

Ақпанда пандемияға байланысты шетелдіктер үшін 69 ел жабылды, ал 73 ел шекарасын ішінара жауып тастады. Бұл елдер туристерден карантиннен өтуді немесе COVID-19 анықтайтын ПТР-тест талап етті.

Занзибар, Танзания