Бішкек маңындағы атыстан шетелдік туристер зардап шеккен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: 24.kg Фото: 24.kg

Бішкек маңында арнайы операция кезінде шетелдік туристер - Ресей, Беларусь және Франция азаматтары зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бішкек маңында арнайы операция кезінде шетелдік туристер - Ресей, Беларусь және Франция азаматтары зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің бірі Дмитрий Анисимковтың айтуынша, өрттің салдарынан олардың барлық мүлкі жанып кеткен.

"Қабырғаның арғы жағында лаңкес тұрғаны белгілі болды. Сағат 6:00 де бізге азаматтық киім киген адамдар келіп, бізді құтқарып алды. Біз барлығымыз 13 адамбыз. Ресей азаматтары, Беларусь Республикасынан бір азамат және Франция азаматы. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ өрт басталған уақытта заттарымыз, ақшалар, банк карталарымыз жанып кетті. Қазір Кант қаласының полиция бөлімшесіне келіп, айғақ беріп жатырмыз", - деді ол.

Анисимковтың айтуынша, олар Ресейдің Қырғызстандағы елшілігіне хабарласқан. Оларға құжаттарды төрт айдың ішінде ғана қалпына келтіруге болатынын айтқан.

Еске салайық, 17 мамырда таңертең Бішкек іргесіндегі Дмитриевка ауылындағы үйлердің бірінде атыс болды. Ішкі істер министрлігі операция барысында қарулы қарсылық көрсеткен лаңкестің жойылғанын хабарлады. Арнайы операция кезінде екі тәртіп сақшысы зардап шекті. Үй иелерінің айтуынша, бірнеше күн бұрын ер адам әйел, баласымен пәтер жалдап тұрған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная