Бішкек әуежайы туралы қазақстандықтар нені білуі керек

Карантин кезінде Бішкек әуежайы қазақстандықтардың шет елдерге баратын танымал бағыттарының бірі болды. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі және Бішкек әуежайы және ол арқылы қай елдерге ұшуға болатыны жайлы баяндайды.

Бішкек әуежайы ежелгі қырғыз эпосының кейіпкері Манас есімімен аталады. Әуеайлағы қаладан 23 шақырым жерде, орталықтан солтүстік-батысқа қарай орналасқан. Бұл - Орталық Азиядағы Азия мен Еуропа жолдарының қиылысында орналасқан ірі және заманауи әуежайлардың бірі.

Бішкек әуежайы туралы мәлімет

Әуежай терминалы 1974 жылы ашылды. Қазір үш қабатты кешен тұрақты, чартерлік, халықаралық және ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Аэродром барлық типтегі ұшақтарды қабылдайды. Оның өткізу қабілеті сағатына 750 жолаушыны құрайды. 242 000 шаршы метрді құрайтын перрон және 38 ұшақ тұрағы бар.

Манас әуежайы инфрақұрылымының схемасы

2017-2021 жылдары Манас әуежайында қайта құру және модернизациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Күту залдары кеңейтілді, бақылау пункттерінің саны артты, кезектерді ретке келтіру үшін арнайы қоршаулар орнатылды. Әуежай ғимаратында балалары бар жолаушыларға арналған жолдар бар, арнайы демалыс бөлмесі құрылды. Манас әуежайы тәулік бойы жұмыс істейді.

IATA коды: FRU

Әуежай сайты: www.airport.kg

Анықтама қызметінің нөмірі: +996 (312) 693-109

Ұшып шығу және ұшып келу онлайн-таблосы: www.airport.kg/schedule

Терминалда жолаушыларға қажетті не бар?

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуежайда тамақтану пункттері, банктер, банкоматтар, валюта айырбастау пункттері, дәріханалар, медициналық пункт, балалар ойын бөлмесі, кәдесый дүкендері, пошта бөлімшесі, багажды сақтау камерасы және ана мен баланың үш бөлмесі бар. Сондай-ақ, әуежайда жайлылығы жоғары арнайы VIP-аймақ бар. Келу құны 5 000 сом (29 000 теңге). Бизнес-класқа ұшатындар үшін тегін интернет, душ бөлмесі, спутниктік теледидар, кәдесый дүкені, буфет және конференц-зал қызметтерін пайдалануға болатын бизнес-зал бар.

Манас әуежайы инфрақұрылымының схемасы

Қалаға Манас әуежайынан қалай жетуге болады

Такси - Манас әуежайына жетудің ең жылдам және ыңғайлы тәсілі. Сіз көлікке әуежай кешенінің бірінші қабатында (батыс қанаты) тапсырыс бере аласыз. Такси тұрағы вокзал маңындағы алаңда орналасқан. Жол шамамен жарты сағатты алады, ал сапар бағасы шамамен 600-700 сом (4 000 теңге) болады.

Жарты сағатта бір рет №380 такси жүреді. Туристерді қала орталығына, Бейшеналиева аялдамасына дейін жеткізеді. Жол шамамен 40 минутты алады, ал билет бағасы - 60 сом (360 теңге). Жайлылықты бағалайтын жолаушылар үшін трансфер қолжетімді. Ең жылдам және ыңғайлы нұсқа - жайлы GoBus экспресі. Құны - шамамен 150 сом (880 теңге).

Әуежай аумағында тұрақ бар. "А" тегін тұрақ аймағы барлық туриске қолжетімді. Ақылы тұрақтар бар - "В" және "С". Бағасы - сағатына 50 сом (290 теңге) немесе тәулігіне 200 сом (1 200 теңге) және сағатына 80 сом (470 теңге) және тәулігіне 400 сом (2 350 теңге).

Бішкектен қайда ұшуға болады

Қырғызстанға кіру үшін ПТР-тест немесе вакцинация паспорты қажет емес. Ереже 2022 жылдың 1 мамырынан бастап жойылды.

Бішкектен әлемнің 11 елінің (Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, БАӘ, Кувейт, Моңғолия, Иран, Ресей, Үндістан, Оңтүстік Корея және Пәкістан) 27 қаласына тікелей рейстер орындалады.

Бішкектен Ташкентке ұшақтар аптасына үш рет - дүйсенбі, бейсенбі, сенбі күндері ұшады. Күніне үш рет Ыстамбұлға және аптасына бес рет - Анталияға (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі), Даламанға аптасына бір рет (сейсенбі) ұшуға болады. Аптасына 10 рейс Дубайға және Шарджаға төрт рет (сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі). Аптасына екі рет Кувейтке, бір рет Ұлан-Баторға және Иран Мешхедіне рейс бар. Екі аптада бір рет Сеулге (Оңтүстік Корея) рейс ұшады. Делиге (Үндістан) - аптасына үш рет, Исламабад, Лахор және Мултан (Пәкістан) аптасына бір-екі рейс бар.

Күніне төрт рет Мәскеуге рейстер орындалады. Сондай-ақ, Манас әуежайынан Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосибирск, Иркутск, Қазан, Красноярск, Самара, Сочи, Тюмень және Махачкалаға рейстер орындалады.

Жолаушыларға алты ішкі рейс: Ош, Баткен, Жалал Абад және Исфан қалаларына қолжетімді.

Бішкек, Қырғызстан. @Shutterstock

Бішкектен Ыстықкөлге

Қырғызстан астанасынан Ыстықкөл курортына авто, такси, микроавтобус немесе автобуспен жетуге болады. Боом шатқалы арқылы өтетін жолдың орташа қашықтығы шамамен 262 шақырым. Жазда пойыз жүреді. Такси - бір адамға шамамен 500 сом, микроавтобус - 280-350 сом (2 500 теңге) шегінде, автовокзалдан күніне бірнеше рет жөнелту бар. Рейстік автобус бір адамға шамамен 350 сом (2 000 теңге) және бес сағатты алады. Автобустар курортқа кешке, 21.00-ден түн ортасына дейін барады. Рейстер арасындағы аралық - 10 минут. Пойызбен бес сағатта жетуге болады. Билет құны - ересек адамға 69 сом (500 теңге), балаларға (5-10 жас) - 34 сом (300 теңге).

Фото @Shutterstock

Бішкектен Қаракөлге

Көбінесе Бішкектен Қаракөлге жер үсті көлігімен барады. Тау шаңғысы базасы Қаракөл қаласынан жеті шақырым жерде орналасқан. Бішкектен осы қалаға дейінгі қашықтық - 400 шақырым немесе бес сағаттық жол. Такси бағасы - 6 000 сом (35 000 теңге), шағын автобус - 500 сом (3000 теңге).

Қазақстаннан Бішкекке қандай әуе рейстері қолжетімді

Алматыдан Бішкекке рейстер аптасына жеті рет қолжетімді. Нұр-Сұлтаннан ол жаққа - үш рет. Лоукостер Түркістаннан Бішкекке аптасына екі рет ұшады. Сонымен қатар, 23 маусымнан бастап FlyArystan Нұр-Сұлтан - Бішкек жаңа бағытын іске қосты. Айта кетейік, Бішкектегі Манас әуежайына ұшуға дейін 3,5-4 сағат бұрын алдын ала келу керек, себебі қазіргі уақытта онда бір ғана өткізу пункті жұмыс істейді.

Сондай-ақ, маусым айынан бастап Қырғызстаннан Ресейге Қазақстан аумағы арқылы үш мемлекетаралық пойыз қайта жүргеннен кейін Бішкекке пойыздар қазақстандықтар үшін қолжетімді болды. Қазақстан аумағында жоғарыда көрсетілген пойыздарға жолаушыларды түсіру/отырғызу жүзеге асырылады. Билеттердің құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген.

Ыстықкөл Фото @Shutterstock

1 шілдеден бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Алматыдан Ыстықкөл әуежайына аптасына екі рет маусымдық әуе рейстерін іске қосты. Болашақта рейстер санын аптасына төртке дейін арттыру жоспарланған.

Пандемия кезінде туристер атап өткендей, Бішкектен шет елдерге әуе билеттерінің құны Қазақстанның әуежайларын пайдаланғанға қарағанда әлдеқайда төмен болатын. Қазір Бішкек арқылы да билеттерді арзанға сатып алуға болады.

Бішкекке әуе билеттерін Aviata.kz-тен алуға болады. Бұл - әлемнің кез келген нүктесінен үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, кез келген бағытта т/ж және әуе билеттерін жылдам табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және т/ж билеттерін сатып алу үшін "Авиата" қосымшасын сілтеме бойынша жүктеуге болады.