Бірінші ел COVID-19 салдарынан туристер үшін шекараны жаппайтынын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иерусалим, Израиль ©Shutterstock Иерусалим, Израиль ©Shutterstock

Израиль енді коронавирус салдарынан туристер үшін ел шекарасын жаппайды. Бұл туралы елдің премьер министрі Нафтали Беннет мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Израиль енді коронавирус салдарынан туристер үшін ел шекарасын жаппайды. Бұл туралы елдің премьер министрі Нафтали Беннет мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.

"Израиль жабылды деген бұдан былай болмайды", - деді елдің премьер-министрі Нафтали Беннет.

Ол коронавирусқа қарсы күрес аясында қауіп тобын қорғауға үлкен мән беретіндерін, бірақ ел бұдан былай жабылуға ниетті емес екенін атап өтті.

Беннет сонымен бірге Үкімет омикронға қарсы күресте басшылыққа алатын үш негізгі принципті атады. Олар:"біздің экономикамыздың ашықтығын сақтау, ең әлеуметтік аз қамтылған адамдар мен қарттарды қорғау және балаларымызға қамқорлық жасау".

Көріп отырғаныңыздай, оларда туристер үшін жабылу туралы ештеңе айтылмаған, керісінше – Израиль үшін туризм экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Сонымен қатар, Израиль премьер-министрі COVID-19-ға қарсы күрес шараларын жүзеге асыру кезінде ел экономикасын "барынша ашық" ұстайтынын атап өтті.

Еске салайық, 9 қаңтардан бастап Израиль вакцинация алған туристер үшін қайтадан ашылып, елдердің "қызыл тізімдерін" жойды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная