Біріккен Араб Әмірліктерінде қауіптің "қызғылт сары" деңгейі жарияланды

Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) толассыз жауған жауынға байланысты қауіптің "қызғылт сары" деңгейі жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Khaleej Times басылымына сілтеме жасап.

Демалыс күндері басталғалы БАӘ-нің әр түкпірінде қатты найзағай ойнап, дауыл соғып, жаңбыр құйып жатыр. Осыған байланысты елде барлық бұқаралық іс-шара тоқтатылып, бірқатар демалыс аймағы жабылды.

Ауа райының қауіптілігіне байланысты БАӘ билігі ел аумағында қауіптің "қызғылт сары" дабыл деңгейін жариялады.

Сондай-ақ ел билігі жергілікті тұрғындар мен туристерге үйден шықпауға кеңес берді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!