Рио-де-Жанейро қаласындағы Иса Мәсіхтің 125 футтық ескерткішін найзағай соқты. Мұндай құбылысты бразилиялық фотограф Фернандо Брага видеоға түсіріп алып, Instagram желісінде жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Daily Mail мәліметінше, әсерлі кадрларды әлеуметтік желіде және БАҚ-та 20 миллионнан аса қаралған.
"Құтқарушы-Мәсіхтің әйгілі бразилиялық мүсініне жай түсіп, қала тұрғындарын таңғалдырды. Бразилияның Рио-де-Жанейрода қаласында орнатылған 125 футтық мүсінге жыл сайын миллионға жуық турист келеді. 15 жылда мүсінге найзағай үшінші рет "шабуыл" жасады", - деп жазады басылым.
Дереккөз мәліметінше, нысанның осындай танымалдылығына қарамастан, құбылыс өте сирек болады: найзағай "жебесі" мүсінге түсіп, нысанның айналасындағы барлық кеңістікті жарық болып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы Құтқарушы-Мәсіхтің мүсіні (биіктігі шамамен 40 метр) 1931 жылы қазанда ашылды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!