Бразилиялық плюс-сайз-моделін Qatar Airways әуекомпаниясы артық салмағы үшін рейске жібермей қойған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
38 жастағы блогер Джулиана Неме еңбек демалысында Ливанда отбасымен болған. Демалыстан соң ол өз еліне таяушығыстық әуекомпаниямен жетпек болған. Алайда оның айтуынша, тасымалдаушы компанияның қызметкерлері оны ұшаққа жібермей қойған.
"Олар мені ұшаққа жібермей қойды, алайда мен Air France әуежайының ұшағымен жеттім, барлығы да жақсы өтті, ешқандай мәселе туындамады", - дейді қыз бала әлеуметтік желіде жариялаған видеосында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сондай-ақ, Джулиана қолдана алмаған билеттің ақшасын қайтарып ала алмаған. Тасымалдаушы компания оған бизнес-санатынан жаңа орын сатып алу керектігін айтқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Осыған дейін 25 жастағы Румейса Гелгидің бойы 215 сантиметр, сол себепті әуекомпания оны отырғызу үшін ұшақтағы бірнеше орындықты алып тастаған. Осылайша, Гелги Ыстамбұлдан Калифорнияға 13 сағаттық саяхатты зембілде ыңғайлы демалып барғаны айтылған еді.