Бразилияда Минас-Жерайс штатында ұшақ апатынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Roya News басылымының мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша 13:30 шамасында бірмоторлы ұшақ ауылды жерге құлаған. Бастапқыда ол Итабира қаласының әуесінде жарылыстан бөлшектенген. Минас-Жерайс өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, апат болған жерден ұшақ бортында болған жеті адамның денесі табылған.
Штаттың азаматтық полициясының мамандары, сондай-ақ әуе апаттарының алдын алу және тергеу орталығының қызметкерлері апаттың неден болғанын анықтау үшін оқиға орнында зерттеу жұмыстарын бастап кетті. Әзірге оқиғаның қалай болғаны белгісіз.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!