Бір топ мас турист танымал курортта қонақүйдің астан-кестеңін шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsteam © newsteam

Португалияның оңтүстігіндегі Алгарве курортты аймағында шетелдік бір топ мас турист қонақүйдің астан-кестеңін шығарды. Олар қонақүйдегі номердің жиһаздарын қиратып, перделерге дәрет сындырып, тыр жалаңаш шешініп тастап басқа да демалушылардың үрейін қашырған, - деп хабарлайды Express.


Иконка комментария блок соц сети

Португалияның оңтүстігіндегі Алгарве курортты аймағында шетелдік бір топ мас турист қонақүйдің астан-кестеңін шығарды. Олар қонақүйдегі номердің жиһаздарын қиратып, перделерге дәрет сындырып, тыр жалаңаш шешініп тастап басқа да демалушылардың үрейін қашырған, - деп хабарлайды Express.

Долы қонақтар Албуфейра атты ескі қаланың маңындағы Хосе, Regina Apartments қонақүйіне тоқтаған. Олардың көпшілігі Уэльстен келген, алайда олардың арасында Питерборо және Реддичтен келгендер де бар. Қонақүй иесі Хосе Черкьераның айтуынша, ұлыбританиялықтар әуежайдан келген кездің өзінде мас болған. Қонақүйге орналасқан соң да олар ішімдік ішкен. Сосын олар шулай бастаған. Хосенің айтуынша, бөлмелердің астан-кестеңін шығарып, жалаңаштанып, перделерге дәрет сындырған және осының барлығы бірнеше күнге созылған. 

Қонақүйдің 66 жастағы иесі 4 түн үш күн бойы басқада демалушылардың мазасы кеткенін айтты. Ұлыбританиялықтар өзге адамдарға қауіпті бола бастағанда ол полиция шақырған. 

"Бұл бұзақылықтың ауыр түрі, олар алдын ала сөз байласқанына және бұрын соңды осындай әрекеттерге барғанына толық сенімдімін. Себебі олар Booking арқылы алдын ала жалдап, барлығы үшін бір картамен төлеген. Қонақүй әкімшісі маған хабарласып, өткен сәрсенбіде жиырма жастың төңірегіндегі 20 жігіт мас күйде келгенін және маған тез жетуімді өтінді. Олар өз ішімдіктерімен келген, бассейн маңында балалардың көзінше ішті. Сосын полиция шақыруыма тура келді", - дейді Хосе Черкьера.

© thesun.co.uk

Полицейлер келісімен еш пайда болмаған, өйткені құқық қорғау органдары туристердің ақшасын төлеп қойғанын айтып, қонақүйге кіргізуін талап еткен. 

"Алдағы төрт күн бойы олар қонақтардың үрейін қашырумен болды, жиһаздарды сындырып, кез келген адаммен ерегесуге талпынды. Біз оларға кіре алмадық, өйткені олар іштен жауып алды. Бізде барлық 20 адамның төлқұжаты болды, алайда полиция келген кезде үш адамның мүлде тіркелмегенін анықтадық", - дейді Черкьера.

Полициядан еш көмек болмаған соң, қонақүй иесі Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігінің жедел номеріне хабарласып, былай деген: "Біз қаржылай қиындықтарға тап болдық, мүмкіндігінше жиһаздарды алмастырып жатырмыз. Жасым 66-да, алайда мынадай сұмдықты бірінші рет көруім. Біздің апарт-қонақүйге айтарлықтай нұқсаң келтірілді. Мен өз арызымды бүкіл әлемге жариялағым келеді, өйткені мына адамдардың басқаларға зиян келтіргенін қаламаймын. Португалия заңы маған олардың есімдерін атауға тыйым салады, әйтпесе мен қуана қуана әрқайсысын тізіп шығар едім. Алайда мен ұлыбританиялық консулмен сөйлесіп, не істеуге болатыны туралы талқылағым келеді". 

© thesun.co.uk

Мас күйдегі туристер тобының ары қарайғы тағдыры белгісіз, сондай-ақ олардың қонақүйге келтірілген залал үшін өтемақы төлегені не төлемегені де белгісіз. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная