twitter.com/FATIIIAviation twitter.com/FATIIIAviation

Бортында 113 жолаушысы бар ұшақтың өртенген сәтінде түсірілген видео жарияланды


Қытайлық Tibet Airlines әуекомпаниясына тиесілі (A319) жолаушылар ұшағы ұшу-қону алаңынан шығып кетіп, өртенген. Қытайдың Чунцина халықаралық әуежайында болған оқиғаның видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz тілшісі қытайлық БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Ұшақ бортында 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Үш секундтық видеода ұшақтың сол жақ бөлігі қатты өртеніп жатқанын байқауға болады. Ұшақтан қашқан жолаушыларда өрт болған жерден бой тасалап жатқанын көруге болады. 

Айта кетейік, оқиға 12 мамырда Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцина қаласының әуежайында болған. Лайнерде болған барлық жолаушылар эвакуацияланған. Өрт салдарынан 40-тан аса адам зардап шеккен. Дәрігерлердің айтуынша, барлығына қажетті көмек көрсетілген. 





Осыған ұқсас мақалалар

Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды
Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты
Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті