Бортсеріктің қалжыңы Желіде миллиондаған лайк жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Америкалық әуекомпанияның бортсерігі жолаушыларға ұшу қауіпсіздігі туралы нұсқаулық айтып жатқанда Gucci-дің жалған "сөмкелері" туралы қалжың айтты. Оқиғаның видеосын Mirror сайты жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалық әуекомпанияның бортсерігі жолаушыларға ұшу қауіпсіздігі туралы нұсқаулық айтып жатқанда Gucci-дің жалған "сөмкелері" туралы қалжың айтты. Оқиғаның видеосын Mirror сайты жариялады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz.

Борттағы қауіпсіздік туралы хабарландыру кезінде экипаж мүшесі әдеттегідей жолаушылардың жүктері ұшу кезінде қауіп төндірмеуі үшін қол жүгін орындықтың астына қою қажеттігін айтты.

"Сондай-ақ, Gucci сөмкелерін алып тастау керек. Gucci сөмкесі бар ма, жоқ па, ол бәрібір орындықтың астында қалуы керек. Әсіресе, егер бұл Gucci-дің жалған сөмкесі болса. Біз бір жарым шақырым биіктікке жеткенде не болады - "G" және "C" әріптері құлап, тұтқасы бұзылып, сіз баратын жеріңізге "UCI" сөмкесімен жетесіз", - деді ол әзілдеп.

Желіде видео миллион рет қаралып, оған төрт мыңға жуық пікір жазылды. Пайдаланушылар экипаж мүшесінің әзіліне таңғалды.

"Мұндай бортсеріктермен ұшсам, қорқынышым сейіледі", "Мен онымен бір рейсте ұштым, өте күлкілі болды", "Егер менің рейсімде осындай бортсеріктер болмаса, ұшқым келмейді" - деп жазды олар.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная