Бортсеріктер өзіне ұнаған жолаушымен қалай сөйлесетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет ©Shutterstock Көрнекі сурет ©Shutterstock

Ұшақ жолаушылары бортсеріктерді жылы шырайлы, көңілді және жанашыр көруге дағдыланған. Бұл - олардың жайлылық пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының бір бөлігі. Бірақ олар нағыз симпатияны жасырып жүрген болса ше? Шифрланған сөздер мен құпия кеңестерді қалай байқауға болатыны туралы Kaz.tengritravel.kz материалында.


Иконка комментария блок соц сети

Ұшақ жолаушылары бортсеріктерді жылы шырайлы, көңілді және жанашыр көруге дағдыланған. Бұл - олардың жайлылық пен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарының бір бөлігі. Бірақ олар нағыз симпатияны жасырып жүрген болса ше? Шифрланған сөздер мен құпия кеңестерді қалай байқауға болатыны туралы Kaz.tengritravel.kz материалында.

The Sun мәліметінше, бортсеріктердің белгілі бір жолаушыға деген жанашырлығын білдіретін бірнеше шифрланған тіркестері бар. Бұл жағдайда фраза өте қарапайым болуы мүмкін, бастысы, жолаушы флиртті байқамайды.

"Біз cheerio ойынын ойнадық (денсаулық немесе барлық жақсылықты тілеу - ред.). Адамдарды ұшақтан шығарып салып, оларға: "Қош болыңыз, аман болыңыз" және тағы басқа тілектер айтасың. Бірақ бізге ұнайтын жолаушыға "бар жақсылықты" (cheerio) тіледік. Біз мұны сөздің құпия белгілерін білетін әріптестерімізбен жасадық", - деді бортсеріктердің бірі мамандандырылған форумда.

Олар cheerio-ны жолаушылар қонған кезде ғана ойнайды. Бұл бортсеріктер қолданатын жалғыз эвфемизм емес. "Qantas бортсеріктердің мойындауы" кітабында бұрынғы бортсерік Оуэн Беделл әріптестері ең сүйкімді жолаушыны белгілеу үшін арнайы есімді - Боб деп қолданғанын жазады.

Көрнекі сурет ©Shutterstock

Сондай-ақ, егер сіздің қасыңыздағы бортсерік ыстық кофе туралы айтып жатқанын естіген болсаңыз, бірақ оны ішетін адамды байқамасаңыз, онда бұл да - симпатияның белгісі.

"Бірнеше жыл бойы бортсеріктердің арасында "ыстық кофе" коды болғаны есімде. Біз: "мен 3В үшін ыстық кофе апарамын (жолаушының орны - ред.) дейтінбіз. Бұл дегеніміз, сол орында өте тартымды жолаушы отырады, оны басқа бортсеріктер бағалауы керек", - деді бортсерік Эмили Виткоп сұхбатында.

Көрнекі сурет ©Shutterstock

14 жылдық тәжірибесі бар тағы бір бортсерік оларға қалай дұрыс күтім жасау керегі туралы бірнеше кеңес берді. Оның пікірінше, ұшу кезінде қатаң мінез-құлық кодексі қолданылады. Мұнда бірнеше маңызды тармақ бар:

- бірден ұзақ әңгіме бастауға тырыспаңыз, өйткені ұшудың алғашқы минуттарында бортсеріктер өте көп;

- сыпайы болыңыз, олар сізді байқайды - "өтінемін" префиксі бар өтініш және күлімсіреу бортсерікке сөзсіз ұнайды;

- ұшу кезінде аяқ киімді шешпеңіз және ұшақ бортында шұлықпен жүрмеңіз;

- ұшу кезінде өз орныңызда отырмаған кезде қызықты диалог құруға тырысыңыз;

- ешқашан телефон нөмірін сұрамаңыз, оның орнына қонғаннан кейін нөміріңізді қағазға жазып қалдырыңыз.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная