Бортсеріктер жолаушылар қоятын ең күлкілі сұрақтарды жариялады

Кейде лоукостерлердің бортсерігін тек әзіл құтқарады. Жолаушылардан естіген ең күлкілі сұрақтардың рейтингін әйгілі еуропалық лоукостер Ryanair-дің екі бортсерігі TikТok желісінде жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Видео 280 мың қаралым жинады. Ал басқа жолсеріктер жұмыста сұраған ең күлілі сұрақтарды пікір ретінде қалдырды.

Рейтингке не кірді?

Арзан лоукостердің ең күлкілі сұрағы: "Кешіріңіз, бірақ борттағы ойын-сауық қайда?" болды.

Ryanair - артық шығынсыз бюджеттік әуекомпания. Тек жақын магистральдық рейстерді орындайды, сондықтан бортта ойын-сауық қарастырылмаған. Сонымен қатар, әуетасымалдаушы туристерге "әр қадам" үшін қосымша ақы төлеу және ұшақта тұрып ұшуды ұсынған жанжалды бастамаларымен танымал болды.

Рейтингке қоса бортсеріктер мынадай сұрақтарды қалдырды:

"Мен қаптамаға оралған түскі асымды тоңазытқышқа сала аламын ба?"

"Сіз менің телефонымды зарядтай аласыз ба?"

"Менде бір жас жігіт болды. Ол менен бірден: "Wi-Fi бар ма және орындықты қалай шалқайтуға болады?" деп сұрады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!