Ұзақ сапар кезінде ұшақтың эконом санатында да ұйқыны қандырып алуға болады екен, бұл туралы British Airways әуе компаниясының бұрынғы бортсергі Express газетіне бірген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
"Егер терезенің қасында отырсаңыз, түнгі рейсппен аттанарда ұйқыңыз бөлінбес үшін перделерді түсіріп қойыңыз, сонда ерте атқан күннің сәулесі сізді мазаламайды", - дейді ол.
Инсайдердің сөзінше, сапар кезінде ұйқысын қандырып алғысы келетін жолаушылар үшін ұшақтың артқы жағы жайлы болады. Өйткені ол жерде кішкентай балалар болмайды екен.
"Ортадағы өткелдің бірінші қатарынан билет алсаңыз, аяқты созуға болатындай орын болады. Бірақ кішкентай баланың қасына отырып қаласыз. Өйткені дәл осы қатардағы креслоларда ашылатын үстел бар. Ол люлькаларды бекітуге арналған, сәбилер біреудің алдында емес, бөлек жату үшін", - дейді ол.
Сонымен қоса, плед жамылып ұйықтауды ұнататындар үшін маңызды ақпарат - қауіпсіздік белбеуін жамылғының үстімен тартыңыз. Өйткені бортсеріктер жолаушылардың қауіпсіздік белбеуін тағулы тұрғанын көру керек. Ол көрпе сыртынан көрініп тұрса, сізді ешкім қауіпсіздікке көз жеткізу үшін оятпайды. Көрпе астында болғандықтан белбеу көрінбесе бортсерік оның тағулы екеніне көз жеткізу үшін сізді арнайы белгі берілген сайын оятып, көрпеңізді ашуды сұрай беруі мүмкін.
Кей адамдар өзінің жеке пледі мен жастықтарын алып жүреді екен.
"Ондай адамдардың ұйқысы тыныш болады, өйткені үйреншікті зат жанға жайлылық сыйлайды", - дейді ол.
Жамылғы мен орыннан бөлек тағы бір маңызды жайт - ыңғайлы киім. Қатты қысып немесе қозғалысыңызды шектейтін киім сізге маза бермесі анық.
Ал матрастар маманы Хейли Грин ұшақта қалай ұйықтау керегі жайлы былай дейді: "алдағы үстелшені жайып, соның үстіне еңкейе ұйықтау - отырған күйде демалудың ең жақсы тәсілі. Ал шалқайып алу, оңға немесе солға қисаю - креслода ұйықтаудың ең жайсыз жолы".