Бортсерік ұшақ дәретханасында іш киімде селфи жасап, жұмысынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

China Southern Airlines әуекомпаниясында шамамен 15 жыл жұмыс істеген бортсерік ұшақтың дәретханасында іш киімде селфи жасағаннан кейін жұмысынан айырылды. Бұл туралы South China Morning Post (SCMP) хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

China Southern Airlines әуекомпаниясында шамамен 15 жыл жұмыс істеген бортсерік ұшақтың дәретханасында іш киімде селфи жасағаннан кейін жұмысынан айырылды. Бұл туралы South China Morning Post (SCMP) хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Го есімді қытайлық жолсерік WeChat әлеуметтік желісінде іш киім брендін жарнамалау үшін интимдік фотосуретін бөлісті.

"Менің ойымша, мен мүлдем жалаңашпын. Бұл өте ыңғайлы іш киім және оның көмегімен менің кеудемнің мөлшері де өсті", - деп жазды ол постың астында.

Кейін араға он минут салып, қыз суретін өшірді.

Селфи рейстің кешігуі кезінде жасалды және сол кезде бортта жолаушылар болған жоқ. Алайда, бір айдан кейін China Southern Airlines басшылығы қызды мінез-құлық ережелерін бұзғаны және әуекомпанияның имиджіне теріс әсер еткені үшін жұмыстан шығарды. Бұған жауап ретінде қыз жұмыс берушіге Гуанчжоудағы Байюн ауданының халықтық сотына шағым түсірді. Сот жұмыстан босатуды заңсыз деп таныды және компанияны мемлекеттік өтемақы төлеуге міндеттеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная