Бортсерік тегін тамақ пен сусын алудың жолын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Бортсерік Мигель Муньос Express газетіне жолаушылардың ұшқан кезде жайлылығын арттыру үшін бірнеше жолмен бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бортсерік Мигель Муньос Express газетіне жолаушылардың ұшқан кезде жайлылығын арттыру үшін бірнеше жолмен бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Әуекомпания қызметкерінің айтуынша, өтінішін бүкпесіз, мұқтаж екенін түсіндіріп айтқан туристер ұшақ бортында ақысыз нәрсе ала алады. Сонда бортсеріктер жолаушының өтінішіне күмән келтіре алмайды. Өтінішті орындау қалай сұрауына байланысты.

"Көптеген әуекомпания ештеңе бермейді, тіпті су да жоқ. Сондықтан жолаушылар шөлдеп, дәрі-дәрмек ішу керек немесе бір стақан су сұраса, мен ресми түрде "жоқ" деп айтуым керек. Біріншіден, мен оларға әрқашан су бөтелкелерін сататынымызды айтамын. Әдетте тегін беремін, бірақ іс жүзінде бәрі жолаушының қалай сұрағанына байланысты болады. Мысалы, егер біз су ақысын аламыз деп айтқаннан кейін, жолаушылар "бірақ заң маған суды тегін беру керек" немесе "бұл адам құқығы" сияқты бірдеңе айтып, ренжісе, мен ештеңе бермеймін. Егер туристер өздерін нашар сезінсе немесе өте сыпайы түрде сұраса, мен міндетті түрде бір бөтелке су беремін", - дейді маман.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная