Бортсерік сөмкені ұшаққа оңай орналастырудың үш әдісін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото©Shutterstock Фото©Shutterstock

Бұрын америкалық әуекомпанияларда бортсерік болып жұмыс істеген Кэт Камалани өзінің кәсібі туралы роликтердің арқасында әлеуметтік желілерде танымал болды. Ол Tik Tok аккаунтында ауыр сөмкемен ыңғайлы саяхаттаудың үш әдісін бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бұрын америкалық әуекомпанияларда бортсерік болып жұмыс істеген Кэт Камалани өзінің кәсібі туралы роликтердің арқасында әлеуметтік желілерде танымал болды. Ол Tik Tok аккаунтында ауыр сөмкемен ыңғайлы саяхаттаудың үш әдісін бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бортсеріктің айтуынша, бір күні ұшақта ыңғайсыз жағдайға тап болмас үшін, ұшар алдында ауыр сөмкені жоғары жүк сөресіне қойғандай етіп үйде жасап көру керек.

"Егер сіз сөмкеңізді жоғары көтере алмасаңыз, оны алмаңыз", - деп кеңес берді Камалини.

Сонымен қатар, қыз көптеген әуекомпанияның багаж сөрелерінде жолаушыларға сөмкені қалай орналастыру керегін көрсететін арнайы жапсырмалар барын айтты. Бұл кеңес туристің уақыты мен күшін үнемдейді.

Кэт бортсеріктердің міндетіне жолаушылардың багажын сөрелерге орналастыру кірмейтінін еске салды. Экипаж мүшелері бұған тек көмектесе алады немесе бос орын табуға кеңес бере алады.

"Тек көмек сұраңыз, олар сізге көмектеседі", - деп кеңес берді қыз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная