Бортсерік мамандығы туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді

Америкалық әуекомпаниялардың бұрынғы бортсерігі кәсібіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Ол өзінің тәжірибесін Insider басылымына берген сұхбатында бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ең алдымен, қыз жұмысқа биік өкше кию керек деген талаптан бастады. Оның айтуынша, мұндай аяқ киім - қызметкерлер әуежайда, жолаушыларды ұшақта күтіп алғанда және ұшу кезінде киюге міндетті форманың бөлігі. Сондай-ақ, бортсерік ішкі рейстерде үзілістер қарастырылмағанын, ал халықаралық рейстерде арнайы бөлмеде демалуға рұқсат етілгенін айтты.

"Бортсеріктер көбінесе резервте жұмыс істейді, демек олар күн сайын кезекшілікте болады. Мен келесі сапарым туралы ұшудан бір түн бұрын ғана білемін. Кейде олар маған ұшудан бірнеше сағат бұрын қоңырау шалатын", - деп жауап берді қыз "бортсеріктер ертең қайда кететінін біледі ме" деген сұраққа.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!