Белоруссиялық "Белавиа" әуекомпаниясының бортсерігі жолаушының баласын қолымен тербетіп, желі пайдаланушыларын тәнті етті. Оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі @tutbylive аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.
Кадрдан бортсеріктің баланы құшағына алып, тербетіп тұрғанын көруге болады. Видеоның астында баланың анасы дәретханаға кеткені жазылған. Ал бала жылай бастағанда бортсерік оны жұбатып, қолымен тербеткен.
Желі пайдаланушылары бортсеріктің әрекетіне тәнті болып, пікір қалдырды.
"Нағыз маман!Құрметтеймін!", "Үлкен жүрегі бар кәсіпқой!", "Жақсы әйел!", "Ақылды өзі! Компанияның қызға алғыс білдіргенін қалаймын!", "Оның да ана екені бірден байқалады", - деп жазды олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram