Бортсерік жолаушыларға тек мөрленген бөтелкеден су сұрау керегін айтты

Ұшу кезінде суға қатысты түрлі әңгіме тарайды. Резервуарлар жиі тазалана ма? Ұшақ бортында су, шай және кофе ішу қауіпсіз бе? Осындай сұрақтар жиі қойылады. Алайда, туристер бөтелкедегі суды сұрағанда да абай болуы керек. Тәжірибелі бортсерік Tik Tok желісінде мұның маңызы туралы айтты, - деп  хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Кейбір бортсерік ұшақта судың қауіпсіз екенін айтып, ішуге кеңес берсе, кейбірі керісінше, судың қалай сақталғанының өзі қауіпті деп ескертті.

Алайда екі тарап та ұшақта құбырдан алынған су құйылуы мүмкін екенін айтады.

"Егер бортсерік сізге бөтелкеден бір стақан су құйса, онда бұл бөтелке 10-15 рет толтырылған және бұл жай ағын су", - деді әуекомпания қызметкері.

Ұшақтағы су саяхатшыларды алаңдатуы мүмкін, бірақ кейбір жолсеріктің айтуынша, оны тұтыну қауіпсіз.

"Резервуарлар үнемі тазаланады, бірақ бұл "үнемі" деген сөздің өзектілігіне байланысты. Біздікі аптасына бір рет тазаланады. Бірақ шай немесе кофе бермес бұрын біздің қазандықтарымызға сүзгілер салынған", – деді бортсерік. 

Сондай-ақ, бортсерік судың қауіпсіз екеніне күмән болса, бөтелкенің мөрі бар-жоғын тексеруге кеңес берді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!